Мен 37 жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істедім. Өткен жылы ғана жасым жетіп, зейнет демалысына шықтым. Зейнетке шықсам да жұмысымды жалғастырып келемін. Бірақ мектеп директоры «күзде жұмыстан босатамын» дейді. Бұл қаншалықты заңды? Менің білгім келгені, зейнет жасынан соң адам жұмыс жасауға құқылы ма? Неше жыл жұмыс істеуге болады?
Хадиша, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының айтуынша, 2007 жылы 15 мамырда енгізілген Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлермен еңбек келісімшарты тоқтатылады. Ал егер мекеме басшысы ол қызметкерді кәсіби талабы жоғары деп санаса, оны бір жыл мерзімге жұмыс орнында қалдыра алады. Яғни зейнеткерлікке шыққаннан кейін бір жылға қалдыру-қалдырмауы сол мекеменің басшысына байланысты екен.
Зейнетке шыққан соң да жұмыс істей беруге бола ма?
Последние статьи автора