Өрт сөндіру саласында қызмет етемін, әскери шенім – прапорщик. Жалпы еңбек өтілім – 23 жыл, оның ішінде 16 жылы осы салада. Мен екі жылдан соң аралас еңбек өтілі бойынша зейнетке шыға аламын ба?
Талғат, Астана қаласы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасағының прапорщигі қатардағы қызметкер немесе кіші басқарушы құрам өкіліне тең. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 60-бабына сәйкес, құқық қорғау органдары қызметінде 25 жылдан кем емес еңбек еткен азаматтың қызмет ететін саласындағы шектік жасқа жеткенде зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Егер Сіздің тек қана өрт сөндіру саласындағы еңбек өтіліңіз 25 жылға жетпеген болса, бұл 45 жасқа келгенде зейнетке шығуға жеткіліксіз.
Зейнетке шығуға мүмкіндігім бар ма?
Последние статьи автора