Кейбір журналистер «жасырын камера» әдісін қолданып, неше түрлі материал жасап жатады. Бұл қызық әдіс болғанымен, көбіне сыртынан байқатпай түсіріп алған адамның құқығын бұзып, ар-ожданын аяққа таптау сияқты көрінеді. Жалпы, бұл әдіс кәсіби репортердің жұмысына тән бе?
Айдос, Астана қаласы
Телевизия саласы қызметкерлерінің күнделікті жұмыста қолданатын түрлі кәсіби әдістері бар. «Жасырын камера» – солардың бірі. Бұл журналистік тексеріс жанрында жиі қолданылады. Сондай-ақ күнбе-күнгі эфир жаңалықтары үшін репортерлік материалға белгілі бір ақпарат не түсініктеме міндетті түрде қажет болғанда және оны басқаша жолмен, айталық, интервьюердің ерікті келісімімен алу мүмкін болмағанда, тілші мұндай әдіске жүгінуге мәжбүр болады. Сонымен бірге төтенше оқиға, қылмыс не заңсыздықтарға қатысты материалда ақпараттың кейіпкері мәліметті не оқиғаны қасақана жасырмақ болған кезде қолданылады. «Жасырын камераны» қолдану журналист пен телеоператордан кәсіби шеберлік пен этиканы талап етеді. Белгілі телепродюсер Серік Абас-Шахтың пікірінше, этикаға жат, азаматтардың ар-ожданына нұқсан келтіретін жайттарды жасырын түсіріп алып, эфирден көрсету – біліксіздік.
«Жасырын камера» кәсіби тәсіл ме?
Последние статьи автора