Жастардың дүниежүзілік мерекесі қай күні болады?

Халықаралық жастар күні тамыздың 12-сінде атап өтіле ме, қараша­ның 10-ында ма? Әр кезде әртүрлі айтылады.
Жанар АСЫЛБЕКОВА,
Ақтөбе облысы
Халықаралық жастар күні – тамыздың 12-сі. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 1999 жылғы арнайы резолюциясына сәйкес бекітілді. БҰҰ-ның бұл күнді белгілеудегі мақсаты – ұйымның әлем жастарына қатысты бағдарламаларын насихаттау мен ақпараттандыру. Атаулы күн жыл сайын әртүрлі ұранмен өткізіліп келеді. Халықаралық жастар күнімен бірге әлемде Бүкіләлемдік жастар күні де аталып өтеді. 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жер шарында бейбітшілікті насихаттау мақсатымен қарашаның 10-ы жастар күні болып белгіленді. Бірақ бұл бей­ресми мереке саналады. Бүгінде әр ел­дің өз жастар күні бар. Мәселен, Әзір­байжанда жастар мерекесі 2 ақпан күні тойланады. Ал Вьетнамда – наурыздың 26-сы, Түркияда – мамыр­дың 19-ы. Қа­зақстан мен Ресей жастар күнін маусым­ның 27-сінде атап өтеді. Негізі, бұл ме­ре­ке ТМД елдері бойынша маусымның 27-сі деп белгіленген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста