Жарты ай белгісі нені білдіреді?
Мұсылман дінінің символы ретінде жарты ай белгіленетінін білеміз, ол нені меңзейді?
Қадиша ҒАНИҚЫЗЫ, Алматы облысы
Пайғамбар дәуіріндегі исламда жарты ай бейнесі ешқандай мағына берген жоқ. Жарты ай бейнесі Осман династиясының символы болған. Аңыз бойынша, 1299 жылы Осман түсінде жердің бір басынан екінші шетіне қарай жылыстап келе жатқан жарты айды көреді. Мұны жақсылыққа жорыған Осман жарты айды өз династиясының символы етіп таңдап алады. Ислам діні Осман империясының кезінде территориялық тұрғыдан да, рухани жағынан да ерекше күшейгендіктен, әлем жұртшылығы жарты айды исламның символы ретінде қабылдаған. Алайда көптеген мұсылман мемлекеті, әсіресе ирандықтар мен шииттер, қазіргі араб әлемі бұл символды мойындамайды. Жалпы, жарты ай символы – исламнан ертеректе пайда болған ұғым. Ежелгі гректерде бұл бейне тазалықты меңзеген.