Жарнама гладиаторлар заманында да болған

Жарнама гладиаторлар заманында да болған

Осы қазір қит етсе алдымыздан шыға келетін жарнаманы кім ойлап тапқан?
Айдын ЕЛУБАЙ,
Алматы

Жарнама – жаһандану дәуірінің таптырмас құралы. Оның осыншалықты дәуірлеуі, бір жағынан, тамырының тереңде жатқандығынан болса, екіншіден, сауда-саттық, сыпайылап айтқанда, бизнес онсыз алға бір адым да аттай алмайтын халге жеткендігінде. Оның пайда болуы адамзаттың сауаттанып, жазба мәдениетіне қол жеткізген кезінен бастау алса керек. Ежелгі Египет қалаларының бірі Мемфис қаласын аршып алғанда, ол жерден «Мен, Крит аралындағы Рино, Тәңірдің бұйрығымен түс жоримын» деген секілді жазуларға толы тас бағандар табылған. Демек, жарнама сол кезде болған. Сондай-ақ Помпей қаласының орнына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгенде, ол жерден 1500-ге жуық жарнамалық негіздегі жазбаларды тауып алған. Соның бірінен мысал келтірсек, «Жолаушы, осы маңнан 12-мұнараға дейін жүрсең, Сирипус шарапханасына барасың. Кіре кет. Кездескенше» деп келеді. Келесі бірінде 20 жұп гладиаторлар шайқасы болатыны жарнамаланған.

Ал енді қазіргі жарнама плакатының «атасы» болып француз безендірушісі Жюль Шере саналады. Ол 1889 жылы жарнаманың толықтай үлгісі бола алатын алғашқы плакатты жасап шығарды. Онда атақты «Мулен Руж» жарнамасы болатын. Сол жарнаманың жұртқа ұнағаны соншалық, олар жан-жаққа ілінген қағаздардың бірін де қалдырмай, жұлып-жұлып әкетіпті.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста