Жапония елінің өз мемлекеттік елтаңбасы жоқ екені рас па?
Батырбек ҚАЙСАР, Жамбыл облысы
Иә, Жапония әлемдегі бірден-бір ресми елтаңбасы жоқ ел саналады. Жапон елінің шетелдік төлқұжаттарында Император үйінің символы іспетті сары немесе қызғылт-сары 16 жапырақшалы хризантема (бақытгүл) гүлінің суреті бейнеленеді. Ертеректе Қытайдан әкелінген хризантема (бақытгүл) гүлі бақыт пен даналықтың, ақсүйектіктің символы ретінде бағаланады.
Камакура билеушісі Готоба-ин деген император (1183-1198) хризантема гүлдерін ерекше жақсы көріп, оның суреттерін өзінің мөрлерінде қолданған. Осы дәстүрді кейінгі императорлар да жалғастырып, хризантема императорлық отбасылардың эмблемасына айналған. 1869 жылдан бастап Мэйдзи үкіметінің жарлығымен 16 жапырақшалы хризантема ресми түрде император үйінің елтаңбасы болып бекітілді. 1871 жылдан бастап император әулетінен өзгелерге хризантеманы мөр ретінде қолдануға тыйым салынған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл тыйым алынып тасталды. Императорлық әулеттің әрбір мүшесінде өзіндік модификацияланған хризантема бейнеленген мөрдің нұсқасы бар. Қазіргі кезде бұл символикалық сурет Жапония парламентінің ғимараттарында, дипломатиялық мекемелерде, шетелдік төлқұжат мұқабасында қолданылып жүр.
Жапонияның өз мемлекеттік елтаңбасы жоқ па?
Последние статьи автора