Жапония – әлемдегі ең ежелгі монархия
Күншығыс еліндегі императорлық әулет қай уақыттан бастап билік етіп келеді, тарихының тамыры қай кезден басталады?
Сұлуханым Ғибратова, Алматы
Жапонияның императорлық династиясы ешқашан үзілген емес. Ежелгі жапон жұртының аңызы бойынша, Жапония аралдарын Күн құдайы Аматэрасу жасаған. Оның ұрпағы Дзимму аралдың бүкіл халқын біріктіріп, тұңғыш император тәжін киіп, таққа отырған. Күншығыс елінің қазіргі билеуші императоры Акихито біздің дәуірімізге дейінгі 711 жылы Жапонияның негізін қалаған тұңғыш император Дзиммудың тікелей ұрпағы болып саналады. Жапон елінде патша немесе патшайым монарх ретінде ғана емес, құдай сияқты ерекше құрметке ие. Дегенмен жапон императорлары әркез құдіретті болған жоқ, тақ үшін династиялар арасында талас-тартыс, қантөгістер, азаматтық соғыстар дүркін-дүркін болды. Императорлыққа талас XVI ғасырда Токугава династиясының билеушілері тұсында тыйылып, билік бір қолға берік шоғырланды. 200 жыл бойы ел шекарасы жабылып, шетелдіктердің келуіне және жапондықтардың шетелге шығуына шектеу қойылды. Жапония елінің басқа әлемнен оқшаулануы арқылы ескі астанасы Киотода императорлық билік бүгінге дейін үзілмей жалғасты.