Алматы облысында жаңадан қазақ-түрік лицейі ашылады деп естіп едім. Осыны нақтылап берсеңіздер.
Күлән БЕКНАЗАРОВА, Есік қаласы
Қазіргі уақытта Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қазақ-түрік лицейінің құрылысы жүріп жатыр. Лицей қасынан сондай-ақ 300 орындық интернат пен кітапхана, спорт алаңдары мен асхана салынбақ. Лицей алғашқы кезеңде 500-ге жуық баланы қабылдап, оқытуға мүмкіндігі бар. Қаржылық мәселелер қолбайлау болмаса, жобаның бірінші бөлігі биылғы оқу жылына дайын болмақ. Жаңа лицей толығымен алдағы жылы іске қосылатын болады. Әлеуметтік жаңару саласындағы жобалардың бірі саналатын оның құрылысын «Ахыска» Қазақстан түріктерінің қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
Жаңа қазақ-түрік лицейі қайдан ашылады?
Последние статьи автора