«Жалғыз рейнджер» фильмінің қазақша нұсқасы дубляждалып жатыр деп естіп едік. Оны көрудің мүмкіндігі қашан туады?
Гүлмира Айдар, Алматы қаласы
Бұл фильмнің дубляжы жақын күндері аяқталады. Қазақша дубляж актерларының дауыстары Disney студиясында негізгі кезеңнен өтті.
Әйгілі Джонни Депп ойнаған бас кейіпкер Тонтоның дауысын қазақстандық актер Берік Айтжанов дыбыстады. Джонни Депп өз кейіпкерінің дубляжын жасайтын актерді өзі таңдаған. Ал жалғыз рейнджердің өзі (Арми Хаммер) Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының актері Бейбіт Қамарановтың даусымен қазақша сөйледі. Дубляж Cinema Tone Production студиясында жасалды. Фильмнің қазақша нұсқасына Айжан Жамшитова режиссерлік жасады.
«Жалғыз рейнджердің» қазақша нұсқасы 2013 жылдың 4 маусымында, яғни кеше қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шықты. Дубляжды «Болашақ» ассоциациясы мен MARWIN компаниясы «Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық көмегімен жасағанын атап өткен жөн.
Тағы бір айта кететін жайт, 2011жылдан бері барлығы алты голливудтық картина дубляждалды. Олардың ішінде «Тачки-2» («Көліктер-2»), «Люди в черном-3» («Қара киімділер-3»), «Новый человек-паук» («Жаңа Өрмекші адам»), «Храбрая сердцем» («Батыл жүрек»). Сондай-ақ 2013 жылы «Университет монстров» («Монстрлар университетi») мультфильмі қазақ тілінде дубляждалды. Оның премьерасы үстіміздегі жылдың 20 маусымында өтеді.
«Жалғыз рейнджерді» көретін күн жақын
Последние статьи автора