Жағажай Азиадасы деген қандай дода?

Жақын күндері ел спортшылары жағажай Азиадасына аттанады деп естідім. Ол қандай турнир? Қазақстан мұнда спорттың қанша тү­рі­нен қатыспақ? Бұл қандай доданың жазғы Азиадаға қатысы бар ма?
Әсем КЕРІМОВА,
Алматы қаласы
Жағажай Азиадасы – теңіз жаға­сын­да өтетін үлкен дода. Мұнда спорт­тың бірнеше түрінен жүлделер жиын­тығы сарапқа салынады. Биыл жа­ғажай Азиадасы екінші мәрте өтпек. Тұңғыш рет бұл турнир осы­дан екі жыл бұрын Индонезияның Ба­ли қаласында өткен болатын. Ол кез­де жерлестеріміз ашық теңіздегі су добынан жеңімпаз атанған. Бұ­дан бөлек, жағажай волейболынан 1 күміс, екі қола медальды қор­жын­ға салған.
Ал бұл жолы жағажай Азия ойын­дары Оман астанасы Маскатта жел­тоқсанның 8-і мен 16-сы ара­лы­ғында өтеді. Спорттық бағ­дар­ла­ма­ларда біз түсінетін де, түсінбейтін де спорт түрлері бар. Мәселен, три­ат­лон, жағажай волейболы, ашық те­ңі­з­дегі су добы, жағажайдағы ганд­бол, жағажайдағы бодибил­динг се­кіл­ді спорт түрлерін білетін бол­­сақ, Тайланд каббадиі, се­пак­та­кроу, тент-пеггинг секілді спорт түр­лерінің қа­лай ойнатылатынын көз ал­ды­мыз­ға елестете алар емеспіз. Бір қы­зығы, Қазақстан спортшыла­ры жа­ғажай Азиадасында осы тент-пег­­гингтен де бақтарын сынап көр­мек. Сонымен қатар Маскатта спорт­­­­шы­ларымыз жағажай во­лей­бо­­­лынан, ашық теңіздегі қол до­бы­нан, триатлоннан, ашық судағы ма­ра­фондық жүзуден және желкенді қа­йық жарысынан жүлделерді са­рапқа салады. Иә, жазғы Азиадада кеткен есемізді жағажай Азиа­да­сын­­да қайтара алар ма екенбіз? Оны енді алдағы уақыттың еншісіне қал­­дырайық.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста