Соңғы кездері жиі-жиі ықылықтап қалатын болып жүрмін. Бұл қауіпті емес пе?
Нұржан АЙТУАР, Талдықорған қаласы
Тыныс жолының негізгі бұлшық еті диафрагма деп аталады. Оның кенеттен жиырылуы барысында ауа ішке көп мөлшерде жұтылып, адам ықылықтай бастайды. Ал диафрагманың не себепті аяқастынан жиырылатыны белгісіз. Жорамалдың бірі «бұл кезбе жүйкеге (блуждающий нерв) қысым түсуіне байланысты болуы мүмкін» дегенге саяды. Әдетте асығыс тамақтану немесе әлденеден қатты сескеніп қалу, сондай-ақ суық ауаны жұтып қою салдарынан да адам шұғыл дем алады. Сөйтіп, кезбе жүйке жүйесі сығылады. Сол мезетте ағза өзінше әрекет жасайды, яғни диафрагманы қысу есебінен оны босатуға тырысады. Былайша айтқанда, ықылық ағзаның қорғаныс механизмі болып табылады. Бірақ ол ұзаққа созылған жағдайда дәрігерге көрінген абзал. Себебі ол бірқатар аурудың белгісі болуы да ықтимал.
Ықылықтың себебі неде?
Последние статьи автора