ХХ ғасырда 10 мемлекет жоғалып кетті
ХХ ғасырда көп империя ыдырады. Олардың нақты тізбегін көрсетіп бере аласыздар ма?
Ерден, Түркістан
ХХ ғасырдың басында әлемде тәуелсіз елдердің саны 100-ден асқан жоқ. Қазір 200-ге жуықтайды. Ірі мемлекеттер, империялар құлап, ұлттық ерекшелікке негізделген шағын елдер пайда болып жатты. Сонымен, жоғалып кеткен 10 елге мыналар жатады:
1) Кеңес Одағы (1922-1991 жж. аралығында өмір сүрді).
2) Сикким. Біздің эрамыздың VIII ғасырынан бастап 1975 жылға дейін өмір сүрді. Өздігінен өмір сүре алмаған соң өз еркімен Үндістанға қосылып кетті.
3) Осман империясы (1299-1922). Мароккодан бастап Парсы шығанағына дейін, Судан мен Венгрия аралығында дәурен құрған алып империя.
4) Біріккен Араб Республикасы (1958-1971) Барша араб әлемін бір тудың астына біріктіріп, қарамағына Израильді қосып ұлы держава құрмақ болған Сирия президенті Гамел Абдель Насердің бастамасы өзі қайтыс болған соң қайта қирады.
5) Оңтүстік Вьетнам (1955-1975).
6) Тибет (1913-1950). Бұл аймақ әскери жолмен ҚХР құрамына енгізілді.
7) Австро-Венгрия (1867-1918). Бір кездегі ерекше қуатты мемлекет экономикалық дағдарыс пен саяси жағдайларға байланысты ыдырап кетті.
8) Югославия (1918-1992) Австро-Венгрияның ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекет.
9) Чехословакия (1918-1993).
10) Шығыс Германия (1949-1990).