Хоккей таяқшасын қалай таңдап аламыз?

Хоккей таяқшасын қалай таңдап аламыз?

Шайбалы хоккей таяқшасының ұзындығы қанша болуы керек? Ол ойын­шы­ның бойына байланысты бола ма? Сондай-ақ салмағы қанша болады?
Қуаныш Бөлегенов,
Қарағанды облысы
Хоккей таяқшасы төртке бөлінеді. Атап айтқанда:
• 4-7 жас аралығындағы балаларға арналған;
• 7-14 жас аралығындағы жеткіншек­терге арналған;
• 14-17 жас аралығындағы бозбала­ларға арналған;
• 17 жастан жоғары ересектерге арнал­ған.
Алайда аласа бойлы және салмағы жеңіл (70 келіге дейінгі) ойыншылар әлбетте бозбалаларға арналған таяқ­ша­мен ойнайды. Әу баста ересектерге ар­налған таяқшаның салмағы шамамен 440 грамм болатын. Бірақ қазір жасалған материалына қарай бұдан да ауыр болуы мүмкін. Негізінен, ойыншы хоккей таяқшасын оның ұзындығы мен басының иілуіне қарай таңдап алады. Әлбетте хоккей таяқшасын өзіңе шақ етіп таңдап алу үшін оны жерге тігінен қояды. Сонда таяқшаның ұзындығы ойыншының иегіне (немесе мұрнына) дейін жетуі керек.
Хоккей таяқшасын таңдап алу кезінде, ең бастысы, оны қалай ұстайтын­ды­ғыңызға көңіл аударуыңыз керек. Мы­салы, кейбіреу сол жағына, ал енді бі­реу­лер оң жағына ұстайды. Егер сізге таяқшаны өз ыңғайыңызға салып ұстағанда, сол қолыңыз оң қолыңыздан төмен орналасса, онда сіз – хоккей таяқшасын сол жағыңызға ұстайтын ойыншысыз. Ал егер оң қолыңыз сол қолыңыздан төмен болса, онда – хоккей таяқшасын оң ұстайтын ойыншысыз. Мұның сыры – таяқшаның шайба ұратын басының сол жаққа немесе оң жаққа имек болатындығында. Яғни сіз хоккей таяқшасын оң ұстайтын ойыншы болсаңыз, басы сол жаққа иілген таяқшамен ойнап жетістірмейсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста