Хиджап қанша тұрады?
Маған мұсылман әйелдері киетін хиджаптар ұнайды. Оның қанша тұратынын және қолдан қаншаға тіктіруге болатынын білсем деп едім.
Әсел, Алматы қаласы
Хиджап қаламыздың кез келген сауда орнында сатылады. Бұл киімнің бағалары матасына байланысты әр түрлі тұрады. Ел көп қатынайтын «Барахолка» базарында мұндай мұсылмандық киімді 3-4 мыңға сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Қалтаңыз көтерсе, таңдап жүріп 15 мыңға да ала аласыз. Ал жеке тапсырыс бойынша киім тігетін сән салондарында хиджаптың құны 25-35 мың теңге шамасында. Әрине, баға матаның түріне байланысты. Киім он күннің ішінде дайын болады. Ал егер хиджапты үйден тігетін шеберлерге жолықсаңыз, олар қызметі үшін бұдан арзан ақы алуы мүмкін. Мәселен, ең кемі үш мың теңге.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу