Қазақ хандығының халықаралық дипломатиясы ресми түрде қашаннан бастау алады?
Есентай, Арқалық қаласы
Ұлтымыз ежелден-ақ өзге елдермен халықаралық дипломатиялық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Десе де, тарихшылар XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатуы себебінен, ресми дипломатияның бастауын сол бір кезеңмен байланыстырады. Өйткені сол тұста ұлтымыз қазіргі Қазақстан аумағы көлемінде тұтас бір мемлекетке ұйысып, саяси дамуы қарқындады. Қасым ханның билігінің нығайғаны соншалық – халқының саны 1 миллионнан асып, атты әскері 300 мыңға дейін жетті. Осындай себептер негізінде Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа ресми түрде араласуға мүмкіндік алды. Қасым ханның алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған елі – Мәскеу мемлекеті. 1517 және 1526 жылдары австралиялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында Қазақ елі туралы жазып, Қасым хан билігін Батыс Еуропаға таныстырды.
Халықаралық дипломатиямыздың бастауында Қасым хан тұр
Последние статьи автора