Жаз мезгілі басталысымен баламның мұрны жиі қанайтынды шығарды. Дәрігерлер баланың мұрын ішіндегі қантамырлары жарылған деген диагноз қойып, инемен емдеу керектігін айтты. Ал кейбір кісілер халық емін қолданған дұрыс дейді. Өз басым ең алдымен халық емін қолданып көрсем деген ойға келдім. Себебі дәрігерлер ине салып, ауруды одан бетер ушықтырып жібере ме деп қорқамын. Маған халық емі туралы айтып берсеңіздер екен?
Маржан ДӘУЛЕТОВА, Алматы қаласы
Сіздің халық емін қолданып көргеніңіз дұрыс. Себебі ата-бабаларымыздан келе жатқан емді қолдану арқылы түрлі ауруларынан жазылып кеткен адамдар көп. Ең бірінші балаңызды тегіс жерге шалқайтып жатқызыңыз. Содан кейін мұрнына ашудасты ерітіп қосқан мұздай суды жайлап тамызыңыз. Көзді ашып-жұмғанша қан тыйыла қалады. Осы амалды қан тоқтағанша күніне үш реттен жасаңыз. Нәтиже екі-үш күннің ішінде біліне бастайды.
Халық емін қолданып көріңіз
Последние статьи автора