Вербалды нота деген не?
Елдер арасындағы қарым-қатынаста қолданылатын вербалды нота қандай құжат болып табылады?
Сағи ДОСҚАРАЕВ, Алматы
Вербалды нота – мазмұны баса назар аударуды қажетсінетін, бірақ жариялауға жатпайтын өте маңызды дипломатиялық құжат.
Ертеректе елдер арасында жеке нота кеңінен қолданылатын кезде, мемлекеттер арасындағы вербалды нотаның жүруі олардың қарым-қатынасының аса достық сипатта емес екендігінің белгісі болды. Кейінірек вербалды нота дипломатиялық хат алмасудың формасына айналып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың сипатына (жақсы, жаман) аса мән бермеді. Вербалды ноталар агреман (келісім) сұраудан бастап, ақпарат алу, қабылдаушы елге дипломаттардың келуі немесе кетуі, виза мәселелері және екіжақты қарым-қатынастың ағымдағы мәселелерінің кең көлемін қарастырады.
Вербалды нота мәтіні үшінші жақтан жасалады. Арнайы нота парағына басылып, шығу реттік саны болады, қол қойылмайды. Нотаның соңына белгілі елтаңбалы мөр басылады. Кейде мөрдің үстіне немесе мәтіннің соңына елшілік жетекшісі өз инициалдарын қояды. Вербалды нотаның төменгі сол жағында мекенжай мен жіберілу мерзімі көрсетіледі.