Велоспорт – менің сүйікті спортым. Бірақ кеше спорттың осы түрі Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталынады деп естіп қалдым. Не үшін? Неліктен? Жалпы, бұл ақпарат қаншалықты рас.
Айдар Айманбетов, Талдықорған қаласы
Шынында да, бүгінде велоспорттың жағдайы мәз емес. Бұған әйгілі велошабандоз Лэнс Армстронгке қатысты допинг дауы себеп болып отыр. «Егер Армстронг Халықаралық велосипедшілер қауымдастығы басшыларының допингтік дауларға қатысы барын дәлелдеп бере алса, онда спорттың бұл түрін Олимпиада бағдарламасынан алып тастаудан басқа амалымыз қалмайды», – деп мәлімдеме жасады Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы тамыз айында АҚШ-тың допингке қарсы агенттігі (USADA) Лэнс Армстронгтың тыйым салынған дәрілерді пайдаланғанын дәлелдеп, шабандоздың 1999 жылдан бергі жеткен жетістіктерін жоққа шығарған болатын. Сөйтіп, «Тур де Франс» мәртебелі велокөпкүндігінің ең көп жүлдесін алған аңыз спортшы атағынан да, абыройынан да бір-ақ айырылған.
Ал өткен дүйсенбі күні Лэнс Армстронг әйгілі тележүргізуші Опра Уинфридің бағдарламасында допинг қолданғандығын мойындады. Сол ток-шоуда Армстронг тіпті UCI басшыларын да допингтік дауларға қатысты деп айыптаған болатын. Қажет болса, ол адамдардың есімдерін жариялап, допингке қарсы агенттікпен бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін де айтқан...
Велоспорт Олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін
Последние статьи автора