Интернеттен «Standard and Poor’s агенттігі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін бұрынғы қалпында қалдырды» деген ақпарат оқыдым. Соның ішінде қазақстандық суверенді емес қарызгерлер үшін валюта аудару және конвертациялау тәуекелі дегенді түсінбедім.
Мират Әбілов, Астана
Расында да, мамыр айында Standard and Poor’s агенттігі қазақстандық суверенді емес қарызгерлер үшін валюта аудару және конвертациялау тәуекелін бағалау рейтингін «ВВВ» деңгейінде қалдырды. Бұл көрсеткіш қазақстандық компаниялардың шетелден алған борышын қайтару ықтималдығын көрсетеді. Өйткені сыртқы қарыздар доллар немесе евро түрінде төленетіндіктен, оған айырбас бағамы тікелей әсер етеді. Қазір айырбас бағамы 1 долларға 150 теңге деңгейінде тұрақтағаны белгілі. Доллар позициясы мығым болып тұрған кезде Ұлттық банк валюталық интервенциялар кезінде теңге сатып алатын. Енді теңге нығайып, Ұлттық банк доллар сатып ала бастаған. Standard and Poor’s агенттігі өкілдері осы ерекшеліктерді ескерген болуы керек, валюта айырбасына байланысты тәуекел немесе қандай да бір қауіп-қатер жоқ деген тұжырымға келген.
Валюта конвертациясы тәуекелі деген не?
Последние статьи автора