Қытайлар мен жапондардың ұзақ жасауының бір сыры янь және инь энергияларының тепе-теңдігін сақтауында деп жатады.
Гүлбаршын СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Әлем бір-бірін толықтыратын, өзара қайшылықтары бар екі түрлі күшке бағынады. Осы күштердің энергиясын Шығыс халықтары инь және янь деп атайды. Инь энергиясы – тыныштық пен салқынқандылықтың, суықтық пен қараңғылықтың, ал янь – жылу мен жарық күштерінің қайнар көзі болып саналады. Янь және инь энергиялары нысандарға құбылыс күйінде таралады, сонымен қатар тағамдармен ағзаға беріледі. Мысалы, суық – инь, жылу – янь, әйел – инь, ер – янь. Адам ағзасында янь мен инь тепе-теңдігі сақталғанда, жұқпалы дертке шалдықпайды екен. Қытай философиясының дамуы барысында янь мен инь күн мен түн, күн мен ай, аспан мен жер, ыстық пен суық секілді кез келген қарама-қайшы құбылыстардың символы ретінде қарастырылған. Бүгінде янь және инь философиясына негізделген қытай, жапон, тибет, жалпы, шығыс медицинасы адам ағзасындағы табиғи тепе-теңдікті қалыпты сақтауды негізге алады. Шығыс дәрігерлері аурудың сыртқы белгілерімен емес, ішкі себептерімен күреседі. Янь және инь энергияларына бөлінетін тағамдарды дұрыс пайдаланудың өзіндік ережелері бар. Инь – жеміс-жидектер, көкөністер, күріш, соя, балық...; янь – ет, ащы қоспалар, шай, ішімдіктер.