Президентіміз Н.Назарбаевтың туған жеріне арнаған «Үшқоңыр» әні қай кезде туған?
Марат БЕСІНБЕКҰЛЫ, Тараз қаласы
Үшқоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында.
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,
Арқарың жайылатын аймағыңда, – деп басталатын Елбасының сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнінің әуенін Алтынбек Қоразбаев шығарған. Бұл ән алғаш 2001 жылы әнші Мейрамбек Беспаевтың орындауында шырқалды. Бұл ән Елбасының өзінің кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігінен туған.
Үшқоңыр – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері. Құнарлы да құтты мекен Алматы қаласының іргесіндегі Қаскелең, соған қарасты Үшқоңыр ауылы (бұрынғы Шамалған), оның ар жағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауында орналасқан. Еліміздің болашақ көшбасшысының балалық шағы осы өңірде өткен. Үшқоңырдың жергілікті жұрты кезінде Елбасыдан Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округіне қарасты Шамалған ауылының атауын Үшқоңыр ауылы деп атауды ұсынған. Кейіннен бұл ұсыныс мақұлданып, Алматы облыстық мәслихатының қаулысы мен облыс әкімінің шешімімен Шамалған ауылының аты Үшқоңыр ауылы болып өзгертілді.
Негізінен, Үшқоңыр – Қарасай ауданындағы төбелі қоныстың атауы. Қоныс Майтөбе тауының шығысында 15 км, Аршалыкезең асуының (2973 м) солтүстік баурайында жатыр. Төбенің теңіз деңгейінен биіктігі – 1980 м. Батысында – Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді. Енділеу тауаралық қоныста еріген мұз суынан пайда болған, жағалауы ашық шағын көл жатыр. Қоныс маңында Үшқоңыр және Сауыншы ауылдары орналасқан. Табиғаты ерекше әсем Үшқоңыр өңірі Алатаудың етегіндегі көрікті жерлердің бірі саналады.
«Үшқоңыр» әні қалай туған?
Последние статьи автора