Ұрланған ұялы телефонды анықтау жолы

Аталмыш база министрліктің сайтында бар. База полицияға жазбаша түрде ұрлық туралы хат жазылғаннан кейін жұмыс істейді. Ол үшін алдымен ҚР ІІМ сайтына тіркелу керек: жоғарғы оң жақ тұстағы “Тіркеу” түймешесін басамыз. Егер тіркеліп қойған болсаңыз, онда жәй ғана авторизация жасауға болады.

Сосын латын әріптерінен құралған логин мен сегіз символдан кем емес құпия сөз енгізесіз. Одан кейін электронды мекен-жай мен аймақты таңдау керек. Қалған бөліктерді қалауыңызға сәйкес толтырып шығасыз. Ал бұдан соң кодты растау үшін “жіберу” батырмасы арқылы жібересіз.

Әрі қарай “Тіркеу сәтті жүзеге асты! Почтаңызға жіберілген сілтеме арқылы жазбаны белсенді етіңіз” жазбасы пайда болады. Тіркеліп болған соң “Интерактивті қызметтер” бөлімінен “Криминальный телефон” базасын тауып алып, онда телефонның IMEI-кодын жазу қажет. Егер телефонның бұрынғы иесі полицияға шағым түсірген болса, бұл базада шығып тұрады. Сіздің ұялы телефоныңызды ұрлап кеткен жағдайда ҚР ІІМ келесідей әрекеттерді жасауға кеңес береді: полицияға қылмыс болған мекен туралы жазылған шағым түсіру; шағыммен бірге телефон құжатының көшірмесін ұсыну (IMEI-код көрсетілген кепілдік талоны, сериялық нөмірі бар телефон құжаты); құжаттарды дайындау кезінде қорапшадағы кепілдік талоны мен ұялы телефонның IMEI-кодын салыстыру; егер бір ай ішінде сіздің ұялы телефон табылмайтын болса, онда ІІМ сайтындағы база арқылы тексеріп көре аласыз. Мұнда сізге телефоныңыздың ізделіп жатқаны туралы куәлік беріледі.

“ҚР ІІМ қылмыстық полициясы құжаты жоқ телефонды алмауға кеңес береді. Ол қылмыстық жолмен келген өнім болуы әбден мүмкін. Түптің түбінде бұл телефон үшін сіз жауап беретін боласыз”, – деді ІІМ.

Телефондағы IMEI-кодты қалай тексереміз? Ұялы телефонның IMEI-коды – бұл 15 саннан тұратын сериялық нөмір. Ол телефонның кепіл талонында және телефон қорапшасында болады. Құрылғыны қосып *#06# сандық комбинациясын теріңіз және дисплейде IMEI-код пайда болады.

2016 жылы сәуір айында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есептеу комитеті мобилді телефон ұрланған жағдайда құрылғының IMEI-код бойынша құлыпталатынын айтқан.

ІІМ аумақтық бөлімшесі және ұрланған ұялы телефондарды бұғаттау бойынша ұялы байланыс операторлары арасындағы меморандумға осы жылдың сәуір айында қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес, ұялы байланыс операторлары құқық қорғау органдарының талабы бойынша 2016 жылы 15 мыңнан астам телефонды бұғаттаған.

2016 жылдың маусым айында министр Қалмұханбет Қасымов бүкіл телефонды IMEI-код бойынша құлыптау мүмкін болмайтынын айтты.

“Егер қазір ұрлық болып, біз IMEI-кодты өшіріп тастасақ, онда дәл сондай коды бар 50-100 адамның ұялы телефоны бір-ақ өшеді”, – деді министр. Айтуынша, ұрланған ұялыны IMEI-код бойынша бұғаттау үшін, контрафактілік өнімдерді тасымалдауға тыйым салу керек екен.

2016 жылдың қыркүйегінде парламент мәжілісінде “ҚР экстремизм мен терроризмге қарсы заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу” туралы заң жобасының таныстырылымында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қолқобаев ұялы байланыс желісін пайдалануға және Қазақстанға бірдей IMEI-коды бар абоненттік құрылғыларды әкелуге жол бермеу үшін бұл заңға тағы да өзгерістер енгізілу керек екенін айтып еді. Айтуынша, барлық құрылғылардың IMEI-кодтарының біріккен базасын құру керек. Және олар абоненттердің нөмірімен бірге тіркелуі тиіс. Қазір ол базаны құру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 2017 жылдың шілдесінен бастап бұл базада тіркелмеген телефондарды бұғаттау жүзеге асырылады.

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста