Қытайдың қазақтар ең көп шоғырланған өлкесі Үрімжі екенін білсек те, осы бір мекен атауының мағынасын білмейді екенбіз. «Үрімжі» сөзі нені білдіреді?
Нұрбибі Қалбиева, Талдықорған
Еуразия құрлығының кіндігінде, Тянь-Шань тауларының солтүстік бөктеріне орналасқан қаланың қазақтың арғы-бергі тарихы және бүгінімен байланысы зор. Географиялық жағынан алғанда, теңізден ең алыс жатқан қала осы Үрімжі болса керек. Сондай-ақ жалпы жұрт саны 2 миллионнан асатын Үрімжі – Қытайдағы ұлттар саны ең көп қалалардың бірі. Оның ішінде қытай, ұйғыр, дүңген, қазақ, моңғол,қырғыз қатарлы 47 ұлт өкілдері бар.
Бір қызығы, 1755 жылдан бері Чин үкіметінің әскери бекіністі қаласына, кейін келе Шыңжаң өлкесінің орталығына айналған бұл мекеннің атауы моңғол тілінен алынса керек. Ол тілде «үрімжі» сөзі «қаймақ сататын жер» деген мағынаны береді екен. Бұл жайлы қазақтың белгілі этнографы, марқұм Жағда Бабалықұлы айтқан.
Үрімжі қаймақ сататын жер ме?
Последние статьи автора