«Ұлытау» тобы – қазақстандық топтардың iшiндегi шетелге ең танымал топтардың бiрi. Естуiмше, оларды шетелге жұмыс iстеуге жиi шақырады. «Ұлытау» шетелде жұмыс iстейтiн болды ма?
Әйгерiм ТОРҒАЕВА
Қазiр «Ұлытау» тобы Германияда шығармашылық жұмыстарын бастап кеттi. Биыл Германиядағы Қазақстан жылына орай басқа да өнер жұлдыздары сол жақта өнер көрсетедi деп жоспарланып отыр. Дәл қазiргi кезде «Ұлытау» тобының продюсерi Қыдырәлi Болман Германияда топ жұмысының бастамасына атсалысуда. Жалпы, «Ұлытау» тобы үшiн соңғы жылдар өте табысты болды. Өткен жылдары топтың дискiлерi жарты миллионға сатылғандығының арқасында ол еуропалық «Алтын диск» жүлдесiне ие болған. Бұрын Қазақстанда ешкiм мұндай жүлдеге қол жеткiзе алмаған. Осы жүлденi жеңiп алған соң, өнерлi топты Германияның барлық iрi қалаларына концерт қоюға шақыру жиiлеп кеттi. Олардың концерттерiнiң шығынын түгелдей немiстiң атақты дыбыс жазушы компаниялары көтерiп алды. Тiптi ең атақты деген германиялық Music Records GmbH компаниясының вице-президентi Марко Квирини мен атқарушы директоры Анар Рейбонд өздерi «Ұлытау» тобымен келiсiмшарт жасасу үшiн арнайы Алматыға келген болатын. Ал әзiрге «Ұлытау» тобының Германияда қанша уақыт жұмыс iстейтiнi белгiсiз.
«Ұлытау» шетелге кете ме?
Последние статьи автора