Бұрынғы Әскери академия қазіргі Ұлттық қорғаныс университеті деп аталғанын естігенім бар. Қазір бұл университет қандай әскери мамандарды даярлайды?
Жарасхан Уанов, Семей
Расымен-ақ, ҚР Президентінің 2003 жылдың 21 тамызы № 1173 «Әскери білім беру жүйесін жақсарту шаралары туралы» Жарғысымен ҚР ҚК Әскери академиясы «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесіне өзгертілген. Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдарына жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды: әскери-мемлекеттік басқару, әскери және әкімшілік, техникалық қамтамасыз етумен басқару, тылдық қамтамасыз етумен басқару, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты және әскери білім беруді басқару жөнінде мамандарды даярлайды. Сонымен қатар әскери кадрларды жоғары оқу орнынан және кәсіби білімінен кейінгі әскери кадрларды дайындау жұмыстарын жүргізеді (адъюнктура). Айта кетейік, адъюнктураның міндеті – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға жоғары маманды ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау болып табылады.
Ұлттық қорғаныс университеті қандай мамандарды дайындайды?
Последние статьи автора