Ұлттық аспаптар қалай жіктеледі?

Ұлттық аспаптар қалай жіктеледі?

Қазақтың ұлттық аспаптары үрмелі, ішекті болып жіктеліп жатады. Аспаптардың басқа да жіктемелерін жазсаңыздар екен және шертер деген қандай аспап? Бұл аспап қазіргі ұлт-аспаптар оркестрінде қолданыла ма?
Ермек Рәшитұлы,
Шығыс Қазақстан облысы
Үрмелі аспаптар – саз сырнай, қос сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, ұран, керней. Ішекті аспаптар – жетіген, шертер, 2 не 3 ішекті домбыра, қылқобыз, адырна. Өздігінен дыбыс шығаратын аспаптар – шаңқобыз немесе шаңқуыз. Дыбыстары бетіндегі қаптама­ны соғу арқылы шығатын ұрмалы аспаптар – даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, кепшік, шың. Қоңыраулы аспаптар – қоңырау және асатаяқтың түрлері.
Шертер – домбыра мен қобыздың арғы тегі саналатын ежелгі ішекті аспап. Оны шертіп те, ысқымен де ойнайды. Шертердің көлемі ішектің ұзындығына орай 70 см-ден аспайды. Аспаптың ең көне үлгілерінде үстіңгі қақпағы болмаған. Кейін оның бетіне тері қапталып, ішек орнына тарамыс тартылған. Ертеректе аңыз, ән, ертегілерді айтқанда шертермен сүйемелдейтін болған. Шертер қазір де оркестрлерде қолданылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста