Менің білгім келетіні, G20 құрылымының қатарына қай мемлекеттер енеді? Қазақстанның мүшелігі қарастырылған ба?
Берік, Алматы
G20 – әлем елдерінің ЖІӨ көлемінің 90 пайызын, сауда айналымының 80 пайызын алып жатқан әлемдегі ең ірі экономикалық елдердің бейресми форумы. «Үлкен жиырмалық» форумын құру жөніндегі шешім G7-нің 1999 жылы 25 қыркүйекте Вашингтонда өткен Қаржы министрлерінің жиынында қабылданды. Он жылдай уақыт бұл алаң тек министрлердің жиыны ретінде танылса, 2008 жылдан бастап Мемлекет басшыларының саммиті деңгейіне көтерілді. Қазіргі уақытта 19 жекелеген мемлекетке және Еуроодаққа «Үлкен жиырмалықтың» тұрақты мүшелері статусы берілген. Олар – Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Түркия, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, ОАР, Корея Республикасы, Жапония және Еуропалық одақ. Жыл сайын тұрақты мүше елдер кезектесіп бұл құрылымға төрағалық етеді. 2009 жылы оған Ұлыбритания төрағалық етсе, 2010 жылы – Оңтүстік Корея, 2011 жылы – Франция, 2012 жылы – Мексика, 2013 жылы – Ресей. Ал Қазақстан «Үлкен жиырмалықтыің» биылғы саммитіне Кеден одағының, Бірыңғай экономикалық кеңістігінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өкілі ретінде Ресейдің ұсынысымен шақырылып отыр. Мүшелік туралы мәселе қозғалған емес.
«Үлкен жиырмалық» қандай алаң?
Последние статьи автора