Ұйқысыздыққа ұрынбаймын десеңіз, көңілді жүріңіз

Ұйқысыздық неден пайда болады және оның емі бар ма?
Мира Әлішерова,
Алматы қаласы
Мамандардың айтуына қарағанда, «ұйқ­­­ысыздық» немесе «инсомния» тер­мин­дері ұйқы сапасының немесе уақытының бұзылуын білдіреді. Ол күндізгі психофи­зиологиялық жүйенің бұзылуы, күндізгі уақыттағы ұйқы­шыл­дық, үрей, назар кон­центра­циясындағы қиыншылықтар, естің әл­сіздігі, таңертең бастың ауруы, ар­те­риалды гипер­тензиямен қоса жүреді.
Ұйқы­сыздықтың этиологиялық фак­торлары әртүрлі – күйзеліс, невроздық жағдайлар, деп­рес­сия, ши­зо­френия, ішім­дік ішу, эн­док­ринді – зат алмасу ау­рулары, мидың ор­ганикалық бұзылыстары, ауырсыну, ұй­қы кезіндегі патологиялық синдром. Ұй­қы­сыздықтың клиникалық белгілері:
– Пресомниялық – 30 минуттан жо­ғары болатын ұйқы басталу уақытының ұзаруымен жүретін қиын ұйқының болуы;
– Постсомниялық (кеш) – зардапты ер­те ояну, онда науқас ұйқы қанбағанын се­зініп, әрі қарай ұйықтай алмайды.
Егер үш түн қатарынан ұйқының субъ­ек­тивті ұзақтығы бес сағаттан аз болса немесе сапасы бұзылса, бұл – ұйқысыздықтың белгісі. Пресом­ниялық ұйқысыздықта баяу ұйқының І және ІІ стадиясынан сергектікке жиі өтулер пайда болады. Интра­сом­ния­лық ұйқысыздығы бар пациенттерде баяу ұйқы терең ІІІ және ІV ста­диялардың азаюымен беттік регистрге ауысады.
Ұйқысыздық көз ауруына әкеліп соқтырады. Сондықтан дертіңізге дерт қосып алмас үшін жедел дә­рігерге жүгінгеніңіз абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста