Ұйқысыздыққа ұрынбаймын десеңіз, көңілді жүріңіз
Ұйқысыздық неден пайда болады және оның емі бар ма?
Мира Әлішерова, Алматы қаласы
Мамандардың айтуына қарағанда, «ұйқысыздық» немесе «инсомния» терминдері ұйқы сапасының немесе уақытының бұзылуын білдіреді. Ол күндізгі психофизиологиялық жүйенің бұзылуы, күндізгі уақыттағы ұйқышылдық, үрей, назар концентрациясындағы қиыншылықтар, естің әлсіздігі, таңертең бастың ауруы, артериалды гипертензиямен қоса жүреді.
Ұйқысыздықтың этиологиялық факторлары әртүрлі – күйзеліс, невроздық жағдайлар, депрессия, шизофрения, ішімдік ішу, эндокринді – зат алмасу аурулары, мидың органикалық бұзылыстары, ауырсыну, ұйқы кезіндегі патологиялық синдром. Ұйқысыздықтың клиникалық белгілері:
– Пресомниялық – 30 минуттан жоғары болатын ұйқы басталу уақытының ұзаруымен жүретін қиын ұйқының болуы;
– Постсомниялық (кеш) – зардапты ерте ояну, онда науқас ұйқы қанбағанын сезініп, әрі қарай ұйықтай алмайды.
Егер үш түн қатарынан ұйқының субъективті ұзақтығы бес сағаттан аз болса немесе сапасы бұзылса, бұл – ұйқысыздықтың белгісі. Пресомниялық ұйқысыздықта баяу ұйқының І және ІІ стадиясынан сергектікке жиі өтулер пайда болады. Интрасомниялық ұйқысыздығы бар пациенттерде баяу ұйқы терең ІІІ және ІV стадиялардың азаюымен беттік регистрге ауысады.
Ұйқысыздық көз ауруына әкеліп соқтырады. Сондықтан дертіңізге дерт қосып алмас үшін жедел дәрігерге жүгінгеніңіз абзал.