Ұйқысыздық қаншалықты зиян?

Әртүрлі жағдайлармен кейде күнімен, түнімен көз ілмеуге тура келеді. Бірақ уақтылы ұйықтамаған зиян көрінеді. Мысалы, түнімен ұйықтамаған адамның ағзасы тек екі тәуліктен кейін ғана қалыпты жағдайға түсетіндігі рас па?
Тұрдыбек МОЛДАҚЫН,
Ақтау қаласы
Қатарынан бірнеше күн түгіл, бір күн ұйықтамаудың өзі адам ағзасына айтар­лықтай кері әсерін тигізеді. Бұл әсіресе әйел адамдарға қатысты. Өйткені әйел ағзасындағы көптеген функция био­логиялық уақытқа сай реттеледі. Бұл ретте, бір түнгі ұйқысыздықтың салдарын жою үшін екі түн алаңсыз ұйықтау қажет. Бірақ, әдетте, біз ұйқысыз өткен түннен кейін де қалағанымызша ұйықтамаймыз, ретіне қарай ғана демалуға мәжбүрміз. Сөйтіп, ұйқының қанбауы салдарынан адамның жүйке жүйесі бұзылады, ашушаңдық, көңіл күйдің тоқырауы пайда болады, жол апатына ұшырау қаупі артады.
Сондықтан ұйқыны елемей қоюға болмайды. Себебі ұйқыны мүлде ысырып қойып, денсаулыққа нұқсан келтірмей, тиімді жұмыс істеу тәсілін адамзат баласы әлі ойлап таба қойған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста