Көшені кеңейтуге байланысты үйіміз бұзылуға жататындықтан, барлық тиісті құжаттарды дайындау туралы хабарландыру алдық. Оған қандай документтер қажет?
Амантай Ш., Алматы қаласы
Жылжымайтын мүліктке байланысты азаматтардың статусын анықтайтын құжаттар қатарына құқық анықтайтын документтер – сатып-алу келісімшарты (егер сатып алынған болса), айырбас келісімшарты (алмастырылған жағдайда), жекешелендіру келісімшарты (приватизацияланған болса), екінші жақтың мүддесіне берілу құжаты (өмірлік асырау келісімшарты бойынша), сыйлау келісімшарты (сыйлыққа алынғанда), пайдалануға қабылдау акті, ашық саудадан сатып алу акті, ортақ мүліктің бөлігін иемдену құқығы туралы куәлік, заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі (сот арқылы шешілсе), мүлікті бөлу келісімі, неке келісімі (онда ерлі-зайыптылардың үйге байлансты құқығы нақтыланған болса), мұралық құқық куәлігі және де сауда, конкурс, аукцион, тікелей мемлекеттік сату қорытындыларының протоколы, сондай-ақ жергілікті әкімнің шешімі тәрізді құжаттар жатады. Бұл тізім әлі толық емес, мұнда ең кең таралған құжаттарды атап отырмыз.
Құқық анықтаушы құжат жылжымайтын мүлік орналасқан жердің юстиция органдарында тіркеліп, ол туралы тиісті жазбалары болуы керек. Сондай-ақ бір жылжымайтын мүлікке бір мезгілде бірнеше құжат болуы мүмкін, мысалы, сатып-алу келісімшарты мен мұраға алу туралы куәлік (егер үйдің жартысы сатып алынып, қалған бөлігі мұраға қалған жағдайда) бірге тіркеледі.
Үйдің құжаттарына не жатады?
Последние статьи автора