Үйді тез сату үшін не істеу керек? Нумеролог кеңесі

Бұл туралы ақтөбелік нумеролог Айсара Өмірзаққызы Экспресс К тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Жылжымайтын мүлікті, әсіресе үйді сатуға шығарған кезде түрлі жағдайлар болады. Пәтер дер кезінде өтпейді немесе арзанға бағаланады, тіпті біреулер алаяқтардың құрбанына айналып жатады. Соңғы кезде адамдар үйді тез, әрі қымбатқа сату үшін нумерологтардың көмегіне жүгінеді екен. Ал олар қандай құпияны біледі?

 

 

Айсара Өмірзаққызы

 

Айсара Өмірзаққызының айтуынша, қазір үй сату үшін кеңес алуға келетіндер көп. Кем дегенде аптасына бір адам осы мәселемен жолығады екен. Ал нумерология бойынша, бұл әр адамға жеке есептеледі. Адамның туған жылы, айы, күні арқылы есептеп, қай уақытта үйді сату тиімді болатыны айтылады. Дегенмен нумеролог үйді тез сатудың бірнеше құпиясын ашты.

 

Бұл үшін ең алдымен үй саудасына арналған "Аллаhуммә, бәрик ли фи Микялли. Уә бәрик ли фи Саъии уә муддии" дұғасын асықпай оқу керек.

 

Осыдан кейін сататын үйдің суретін алып, оның артқы бетіне ақша шақыратын руна таңбасын сызасыз. Және үй сатуға арналган балауыз шамды жағып, "мына шам қалай тез жанады, мен де солай тез үй сатамын" деп 8 рет қайталау керек. Сосын суретті өртеп, күлді лақтырып тастайсыз.

 

 

Руна таңбасы

 

Жанған шамның қасында тағы 10 минуттай отырып, армандар орындалып, бақытты боп жүргеніңізді елестеткеніңіз жөн.

 

Айсара Өмірзақызы бұл рәсімді тек үй сату үшін емес, көлік, жиһаз сату үшін де жасауға болатынын айтады. Сауда сәтті болуы үшін 5-6 рет жасаған жөн.

 

Сондай-ақ нумерологтың айтуынша, үйді тиімді бағада сатудың тағы бірнеше әдіс-тәсілі бар. Біріншіден, үйді артық заттан тазарту керек. Артық, пайдаланбайтын ыдыс, киім, ойыншықтарды лақтырып тастаған жөн. Тек диван, телевизор және кілем тұруы керек. Екінші, ауланы қоқыстан тазартып, үйдің сыртын қалыпқа келтіру қажет.

 

Үйдің ішіндегі артық заттар — нашар энергия. Егер осыларды тазартатын болсаңыз, үйіңізді саудалап келушілер көбейеді, — дейді нумеролог.

 

Pxhere

 

Үй тез өту үшін мына әдісті де жасаған жөн. Ол үшін үйдің иесі сары қағазды алып, оған кез келген құстың суретін салуы керек. Құсты қиып алып, кіреберіс есіктің төбесіне жапсырады.

 

Сондай-ақ үйді сатпас бұрын тұзбен еденді жуып, үй тазалауға арналған арнайы балауыз шамды жаққан дұрыс. Бұл сауданың сәтті болуына ықпал етеді екен.

 

Айсара Өмірзаққызының айтуынша, ай кеміген уақыттан бастап үйдің қабырғасын ағаш балғамен жайлап ұру керек. Мәселен, үйді 16 миллионға сатқыңыз келсе, қабырғаны балғамен тық еткізіп ұрып, "16 миллион" деп айтасыз. Бұл әдіс те үйдің тез өтіп кетуіне септігін тигізетін көрінеді.

 

Нумеролог осындай әдіс-тәсілдермен үйді тез сатып жатқандар көп екенін айтады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста