ТЖ кезінде мерзімі өткен құжаттарды қалай ауыстыруға болады?

Төтенше жағдай кезінде азаматтарға мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етіледі. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Депутат Шавкат Өтемісов төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттарын ауыстыра алмай жүрген қазақстандықтардың мәселесін көтерді.

 

"Төтенше жағдай кезінде еліміздің көптеген азаматы жеке куәлігінің немесе жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткеніне байланысты қиын жағдайда қалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда республикада 99,5 мың қазақстандықтың жеке куәлігі жарамсыз болып қалған, 68 мың жүргізушінің жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен", - деді ол мәжілістің жалпы отырысында.

 

Ол жарамсыз жеке куәлікпен жүргені үшін 7 АЕК, ал көлікті құжатсыз басқарғаны үшін 20 АЕК айыппұл қарастырылғанын атап өтті. Қазір бұл жаза сол күйі қалған.

 

"Заңнаманы талқылау барысында депутаттар халықты алаңдататын осы және өзге де мәселелерді қозғады. Біздің пікірімізше, төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар жарамсыз болып қалмауы керек. Олардың мерзімін ұзарту керек деп санаймыз. Бұл мәселе қалай шешіледі?", - деп сұрады мәжілісмен.

 

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, қазір министрдің бұйрығымен көлікті басқаруға рұқсат беретін құжатының мерзімі өтіп кеткен азаматтар жауапқа тартылмайды. Соның ішінде қаруды сақтау туралы лицензияның да мерзімі ұзартылды.

 

"Ал жеке куәлікке қатысты айтар болсақ, біз президенттің атына төтенше жағдай кезінде куәлік мерзімін ұзарту туралы норма әзірлеп жатырмыз", - деді ол.

 

Айтуынша, мамыр айында тағы 60 мың азаматтың жеке куәлігі жарамсыз болып қалады.

 

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімін автоматты түрде ұзартатын норма заңда айқын көрсетілуі керек екенін айтты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста