Мен Қазақстан азаматымын. Өзбекстан Республикасының азаматына тұрмысқа шыққан едім. Алайда дәм-тұзымыз жараспай, ажырастық. Ажырасқан соң аты-жөнімді қайтадын өз тегіме жаздырдым.
Гүлбаршын ТАҒАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес, кәмелет жасына толмаған баланың тегін ауыстыру үшін туу туралы куәлікті алмастыру керек. Ол үшін тұрақты мекенжай бойынша аудандық АХАЖ бөліміне баланың туу туралы жазба актіне өзгеріс енгізу туралы өтініш жазуыңыз керек.
Баланың туу туралы куәлігін алмастыруға некенің бұзылуы туралы куәлік негіз болады.