Біз заңды некеге тұрған жоқпыз. Жақында балалы боламыз, бірақ күйеуім баланы өз атына жаздырғысы жоқ. Бұл мәселені сотпен шешкім келмейді. Балаға туу туралы куәлік алғанда «әкесі» деген жерге ештеңе жазбауға немесе тек әкесінің атын жазуға бола ма?
Луиза ЕСҚАРИНА, Ақмола облысы
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ережелерге сәйкес, егер әйел заңды некеде тұрмаса, онда баланың Туу туралы куәлігіндегі «әкесі» деген жерге баланың анасының тегі немесе оның айтуы бойынша, баланың әкесінің аты-жөні жазылады.
Қосымша айтар жайт, бала туылуын тіркеу жергілікті АХАЖ бөлімінде жүзеге асады және бала туылған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Оған қоса бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы алу үшін баланың туу туралы куәлігіне қоса анықтама беріледі.