Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша эвтаназияны заңдастырған елдерге туристер көп барады деп естідім. Қатерлі аурулардан біржола арылу үшін өлімге бас тігіп, туристердің сондай елдерге баратыны рас па?
Мөлдір, Алматы қаласы
Эвтаназияны қылмыс қатарынан алып тастауды қолдайтын қоғамдық қозғалыстар әлемде туризмнің осы түрінің дамуына жол ашқан. Суицидтік немесе эвтаназиялық туризм науқастар өмірін қолдан тоқтату тәжірибесі заңдастырылған елдерде дамып отыр. Эвтаназияны заңдастырған елдер: Нидерланды, Бельгия, Люксембург, Швейцария және АҚШ-тың Орегон штаты. Швейцарияның Цюрих кантонына дүниежүзінен жыл сайын жүздеген турист келіп, кейін қайтпай қалады. 2010 жылы Цюрих көлінен адам күлі салынған ыдыстардың табылуы тұрғындардың наразылығын туғызды. Дегенмен халықтың көбі эвтаназияға тыйым салуды қолдамаған. Мексикада мұндай тәжірибе қылмыс деп саналады, бірақ бұл елде жануарларды өлтіруге қажет дәрі ашық сатылады. Туристер мұнда сол пентобарбитал препаратын алу үшін көп келеді екен. (Жауап «Уикипедия» материалы бойынша әзірленді).
Туризмнің түр-түрі бар
Последние статьи автора