Тұңғыш театр қашан ашылды?
Дүниежүзіндегі тұңғыш театр қайда ашылған? Және ол театрлар қандай болған?
Нұртай НҰРБОЛАТ, Қызылорда
Тұңғыш театр Грецияда діни салттарды орындау үшін ашылған. Иман келтіргендер шымнан жасалған дөңгелек сахнадағы Дианистің алтарін айналып билеген. Әдетте, көрермендер бишілерді еркін көруі үшін сахна дөңнің етегінде орналасқан. Бұл шеңбер бойымен айнала орындары бар дәстүрлі грек театрларының бастамасы еді. Грек сөзінен шыққан «театр» сөзінің өзі «шолуға арналған орын» дегенді білдіреді. Афиныда б.э.д. 500 жылы салынған театр дөңгелек әрі партер деп аталған. Гректер декорацияны пайдаланбаған, себебі пьесалар күндіз көрсетілгендіктен, жасанды жарық беруге жүгірмеген.
Римде тұңғыш тас театр б.э.д. 52 жылы салынған. Рим театрлары грек театрларына ұқсас болды, бірақ олар тегіс жерге салынды. Римдіктер партерде бірінші болып орындық орнатқандар. Ал пьеса жоғары көтеріліп тұратын сахнада қойылса, артында экран тұрған.
Тұңғыш қазіргі заманғы театр Италияның Парме қаласындағы Фарнези театры. Ол 1618 не 1619 жылы салынған. Оның сахнасы залға қарай орналаспаған, керісінше бір қабырғасының алдында тұрған. Көрермен залы мен сахнаны бір-бірінен бөліп тұру үшін шымылдық қолданған. Декорация да көрерменнің көзінше өзгермейді.