Тұңғыш мүсінші кім?

Тұңғыш мүсінші кім?

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мүсінші туралы білгім келеді.Сәдуақас ҚҰНЫПИЯҰЛЫ, Алматы қаласы

Қазақ халқының тұңғыш кәсіби мүсіншісі – Хакімжан Наурызбаев. Ол қазақ мүсін өнерінің негізін қалады. Мүсіншінің қолынан шыққан көпшілікке ең танымал туындылары – Абай, Жамбыл, Шоқан, Амангелді, Құрманғазы, Дина ескерткіштері. 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген Хакімжан Наурызбаев 1939 жылдан бастап 1941 жылға дейін Мәскеу көркемсурет мектебінде сырттай білім алды. 1943 жылдан 1945 жылға дейін Алматы көркемсурет училищесінде оқып жүріп, мүсінші О.Кудрявцева және С.Бесединаның шеберханасында жұмыс істеді. Кейіннен Х.Наурызбаев Алматы театр көркемсурет училищесінде мұғалім болып қызмет атқарды. Ол 1952 жылы ССРО СО-ның мүшесі болып, мүсіндеме бөлімін ашады және 1964 жылға дейін шығармашылық шеберхананы басқарады. Хакімжан Наурызбаев – Қазақстанның Халық суретшісі, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әрбір мүсіні ерекше өнер туындысы болған Хакімжан Наурызбаев биылғы жылдың қыркүйек айында 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Мүсінші өзінің ізінен ерген шебер шәкірттер тәрбиеледі, туған халқына 300-ден астам мүсін өнерінің туындыларын ескерткіш етіп қалдырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста