Төсекте қалай жатасыз? Жұбайлар жайлы сыр

Адамның ішкі психологиясын оның түрлі іс-әрекетіне қарап анықтауға болатыны белгілі. Тіпті, қимылсыз, ұйықтап жатқандағы қалпы арқылы да көп нәрсе айтуға болады екен.

 

Ал бүгінгі тест жұбайыңызбен ұйқыға батқанда, қалай жайғасасыз, соған қарай араларыңыздағы қарым-қатынас жайлы анықтама береді. Төменгі берілген суреттерге қарап, өзіңізге сай келетін нұсқаны таңдаңыз да, нәтижесіне назар аударыңыз.

 

 

✅ 1. Қарым-қатынасыңыз тұрақты. Алайда, оған қол жеткізу сіздер үшін оңайға соқпаған. Бастан өткізген сәтсіз өмірлік тәжірибелеріңізге қарап, бақыттың барына сенімдеріңіз жоғалған кезде, бір-бірлеріңізді тапқан болуларыңыз мүмкін. Бақыт пен шынайы махаббатқа қол жеткізгендеріңізге қарамастан, оны жоғалтып алу үрейімен өмір сүресіздер.

 

✅ 2. Бұл қалыпта ерлі-зайыптылардың жүздері екі жаққа қаратылғанмен, олардың өзара байланысы мықты, берік. Қарама-қарсы жаққа қарап жату екеуінің екі түрлі жан екенін көрсетеді. Мәселен, бірінің бойы аласа, бірінікі – ұзын, бірі оңаша уақыт өткізгенді ұнатса, бірі шулы ортаны жақсы көреді, бірі мінезді болса, бірі сабырлы. Сондықтан мұндай қалыпта еш жамандық жоқ.

 

✅ 3. Мұндай ұйқы қалпы жұптың бір-біріне ғашықтығын білдіреді. Алайда, олардың өмірге деген көзқарастары бір-бірінікінен тым өзгешеленеді. Сондықтан болашақта үйлесімді жұп болары күмәнді. Онымен қоса, бұл қалып ерлі-зайыптылардың қоршаған әлемнен қорғанатындығын көрсетеді.

 

✅ 4. Бұл жұп түрлі сындардан өтіп, өзара берік қатынас қалыптастырып үлгерген. Әрбірі жеке басының еркіндігі мен жеке кеңістігін сақтай біледі, бірақ бір-бірінің көңілдеріне қарайды. Екеуі де кешірімді және махаббатты сақтап қалу үшін кішірейе біледі.

 

✅ 5. Құштарлықтан құралған жұп. Олардың ортақ арман, мақсаттары бар (бастары бір жаққа бағытталған). Бір-бірін түсіне біледі. Олар махаббатта ғана жолы болған жұп емес, сонымен қатар, ортақ істерде де жетістіктерге жете алады.

 

✅ 6. Егер осылай ұйықтайтын болсаңыздар, бұл күндіз орын алған ұрыстың әсерінен немесе ұзақ уақытқа созылған түсініспеушіліктен болуы мүмкін. Екеуі де салқынқанды жандар, ал махаббаттың жылы сезімі олардың тыныштығын бұзуы мүмкін.

 

✅ 7. Осылай ұйқыға жайғасатын жұптың ара қатынасы берік. Соған қарамастан, көп уақыттарын бөлек өткізеді. Бірі он сағат бойы жұмыста, екіншісі түнімен достарының жанында болуы мүмкін. Олар бір-бірін толық қабылдай біледі.

 

✅ 8. Темпераменттері бір-біріне ұқсас жандар. Олардың сыртқы көріністері де ұқсас болуы мүмкін. Өздерін алаңсыз сезінеді. Оны босаңсыған күйлерінен анықтауға болады.

 

✅9. Жеке бастарының еркіндігін қатты бағалайды. Тым жақындықтан қорқады. Әрқайсысы әрдайым алаңдаулы. Сондықтан қолдауды қажет етеді. Мұндай жандар серігіне қатты бауыр басудан қорқады.

 

✅ 10. Бұл қалып ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жүйкелерін жұқартпай, бір баспананы тату-тәтті бөлісуге әзірлігін көрсетеді. Қарым-қатынаста әрбірінің құқықтары толық сақталған. Екеуі де бір-бірінің кемшіліктерін бар қалпында қабылдауға дайын

 

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста