Ұяң тәрбие мен өз мүсініңе көңілің толмаушылық сенің төсектен ләззат ала алмауыңа кедергі болады. Сол үшін өзіңдегі артық комплекстерден арылуың қажет. Ұялудың бірнеше себептеріне тоқталып, арулы жолдарына тоқтала кетсек…
Төсек қатынасында ұялудың бірден-бір себебі өз серіктесіңе сенбеуден болады. Ал бұрын жігітпен байланысты көңілсіз оқиғаларыңыз, ажырасу болса тіптен қиындай түспек. Мұндай жағдайда интимді қатынасқа асықпаған дұрыс. Тек сүйіктіңіздің жылы қатынасы мен қамқорлығы сізді жыныстық қатынаста тартыншақтап тұруыңыздан айырады.
Біздің аруларымызда тұрмыс құрған кезде төсек қатынасы туралы түсінік те, тәжірибе де болмайды. Сол себепті түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп жатады. Бірақ отбасы болғаннан кейін арнайы кітаптар оқу арқылы түсінігіңізді молайтуға болады.
Бұл қатынас кезіндегі өзіңіздегі кедергілерді жоюдың тағы бір жолы фильмдер көру. Бірақ ол тым анайы болмасын. Тек романтикалық фильмдер ғана емес, би үйрететін бейне-роликтерді де көруге болады. Ол арқылы өз мүсініңізді қалыпқа келтіре аласыз.
Өзіңізге көңіл бөліп, денеңізді таза ұстаңыз. Үйқыға жатар кезде иіс майлар жағыңыздар. Аздаған мөлшерін білегіңізге, құлағыңызға, мойныңыз бен кеудеңізге жағып қойыңыз. Жарыңызға ұнайтын иісті таңдап алуды естен шығармаңыз. Мамандардың айуынша ер адамды өзіңе иіс арқылы да ынтықтыруға болады екен.