АҚШ ғалымдары төсек қатынасы үшін ең қолайлы жасты анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.molbuk.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеушілердің пікірінше, жыныстық қатынас үшін ең қолайлы жас - 60 жас. Бұл жаста ерлі-зайыптылар бір-бірінен ұялуды доғарып, қиялына барынша ерік бере алады екен.
Психиатр-сексолог Мадлен Кастелланос бес мың жұптың арасында сауалнама жүргізу арқылы жыныстық қатынастан ең көп ләззат алатындар 66 жастағы әйелдер мен 64 жастағы ер азаматтар екенін анықтайды.
Өмірінде көп тәжірибе жинақтаған адамдар бұл жаста жыныстық қатынастан барынша ләззат алуға дағдыланатын болып шықты.