Тылсым сырдың барлығы табиғатта жатқан сияқты ғой. Мысалы, мен бір нәрсеге таңғалам: адамның зәресі ұшатын ток сымына торғайлар, жалпы, құстар қорықпай-ақ қонақтайды ғой. Соларды ток тартпай ма сонда?
Әлима Бекенова, Алматы
Адамға ажал төндіру үшін небары 8 миллиампер токтың өзі жеткілікті екен. Олай болса, құйтақандай ғана құстардың электр өткізгіш сымға еркін қонатыны қалай? Осындай сұрақтың, расында, айналасына бей-жай қарамайтын кез келген адамды қызықтыратыны сөзсіз.
Сөйтсек, мұның сыры мынада болса керек: біріншіден, олар әуелі сымға қос тырнағымен қонақтайды екен де, сол арқылы Ом заңы бойынша бойынан тоқты өткізеді екен. Бұл жердегі құпия құс пен өткізгіш арасындағы қарсыласу металл мен өткізгіш арасындағы қарсыласудан әлдеқайда төмендігінде жатса керек. Алайда бұл жерде бір қызығы, егер сымға қонақтарда құс табаны сәл мүлт кетсе, яғни екі адымының арасын әдеттегіден тыс ашып жіберсе, байғұс құс сеспей қатады екен. Демек, кішкентай құстарға қарағанда, денесі ірі құстарға электр сымдарынан қауіп жоғары деген сөз.
Торғайды ток ұрмай ма?
Последние статьи автора