Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?

Қазіргі таңда жалғызбасты аналар мен толық емес отбасына мемлекет тарапынан қандай көмектер беріледі? Ал мемлекеттің мекеменің табалдырығын тоздырып жәрдемақы талап ететін жалғызбасты аналар мен толық емес отбасы мүшелері өз құқын біле ме?

Осы сұрақтарға жауап алу үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігі заңгер Гүлмира Қарасайқызы Кучкаровадан түсініктеме беруді сұраған еді.

–Бүгінде мемлекет тарапынан толық емес отбасыларға да, жалғызбасты аналарға да ешқандай ақшалай көмек берілмейді. Жалғызбасты аналарға ешқандай жеңілдік жоқ.Тіпті бұл сөз көп қолданылмайды десе де болады. Алдымен толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың ара-жігін ажыратып алайық. Толық емес отбасыларына кімдер жатады? Ол: ажырасқан, баласын, не әкесі, не анасы тәрбиелеп отырса, осы отбасы толық емес отбасы болып есептеледі. Күйеуі немесе әйелі қайтыс болып баланы бір ғана адам тәрбиелеп отырса, осы отбасы толық емес отбасына жатады. Күйеуге тимей заңды некеде тұрмай, бала босанған болса, ол да толық емес отбасына жатады. Егер сіз тек некеңізді мешітте ғана қиып, АХАЖ бөліміне тіркелмеген болсаңыз, бала туылған жағдайда ол да толық емес отбасы болып саналады. Ал, азаматтық неке туралы заң елімізде мүлде қарастырылмаған. Мұндай некеде тұрып бала босансаңыз, ол да толық емес отбасы болып есептеледі.

Қазірге таңда статистикаға сүйенетін болсақ, әрбір екінші толық емес отбасында балаларын тек анасы ғана тәрбиелеп отыр.

Бірінші: Заң бойынша арнайы «толық емес отбасына » арналған жеңілдік болмағандықтан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ретінде кезекке тұрып, жеңілдетілген бағдарламамен үй алуға мүмкіндігі бар.

 

Екінші: Сіз тұрғылықты жеріңіздің тұрғын үй басқармасына барып құжаттарыңызды тапсырасыз. Ажырасқаннан кейін толық емес отбасы қатарында болсаңыз, ажырасу туралы куәлік және балаңыздың құжаттары керек. Ал отбасында күйеуі немесе әйелі қайтыс болған болса, қайтыс болу туралы куәлігін тапсыруы қажет.

Үшінші: заңды некеге тұрмай бала босанған әйел олар өздерінің толық емес отбасы екенін растау үшін, тіркеу органдарына барса, «төртінші формалы анықтама» беріледі. Ол құжатта әкесі деген жерде сызықша тұрады. Бұл анықтама да оның толық емес отбасы екенін анықтайды. Егер сіз сот арқылы әкесін анықтамаған болсаңыз, «төртінші формалы» анықтама жарай береді. Осы құжат арқылы пәтерге кезекке тұра беруге болады. Бұл жерде пәтер мемлекеттік бағдарлама арқылы жалға беріледі. Пәтердің құны толық өтелгеннен кейін, пәтер сіздің атыңызға өтеді. Бұл жердегі басты мәселе үйді Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан алатын болсаңыз міндетті түрде соңғы үш жылдық тұрғылықты тіркеуіңіз болу керек. Тіркеуге тұрған кезіңізде сіздің соңғы 12 айлық табысыңыз ескеріледі. Бұл жерде егер толық емес отбасының басында пәтер жоқ болса, олар қалайша үш жыл бойы тұрғылықты тіркеуде бола алады деген сұрақ туындайды. Бұл үлкен кедергі деп ойлаймын. Кезекке тұрып пәтер алудың тағы бір мүмкіншілігі сіз тек пәтер құнын ғана бөліп төлейсіз. Яғни, үстеме ақшасыз ала аласыз. Сонымен қатар, тұрғылықты жерден берілетін ақшалай көмек бар. Бұл – «мекен-жай көмегі». Бұл жерде отбасындағы еңбекақы отбасындағы адам санына бөлген кезде 11879 теңгеден аспау керек. Тек сол кезде ғана ала алады. Ал бала 18 жасқа келгенше мемлекеттен берілетін көмек бар. Ол кезде отбасының табысы адам басына шаққан кезде 17818 теңгеден аспауы тиіс. Әзірге мемлекет тарапынан толық емес отбасы және жалғызбасты аналарға осындай ғана көмек көрсетіледі».

«Қамшы» сілтейді 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста