Толық екі ставкада жұмыс істеуге бола ма?

Толық екі ставкада жұмыс істеуге бола ма?

Қызметкерге екі мекемеде жұмыс істеген кезде 1,5 ставка болуы керек пе, жоқ әлде 2 ставкамен толық жұмыс істеуіне рұқсат етіле ме? Және екі мекемеде де қызметкердің табысынан табыс салығы, зейнетақы жарнасы тағы да басқа жарналар ұстала ма?
Айымгүл ДӘУРЕНБЕКОВА,
Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 198-бабы бойынша, негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан төрт сағаттан аспауы тиiс.
Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес:

1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауы тиiс.

2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиiс.

3. Күнделiктi жұмыстың ұзақтығы, күнделiктi жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзiлiстер уақыты жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртiптемесi ережелерiмен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгiленедi.

4. Өнер және мәдени демалыс кәсiптiк ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi, спортшылар, жаттықтырушылар үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделiктi жұмыстың өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста