Бір қызығы, төлқұжат суретінде адамдардың барлығы тымырайып тұрады. Күлімсіреуге қатаң тыйым салына ма? Сондай-ақ суретке түсу барысында тағы неге тыйым салынады?
Ағайша, Астана қаласы
Құжатта күлімсіреуге болмайды деген ой біздің санамызға сіңіп қалғаны соншалық, біз автоматты түрде суретке түсерде қатаң кейіпке енеміз. Әйтпесе төлқұжатқа суретке езу тартып, күлімсіреп түсуге болмайды деген ешқандай қатаң талап жоқ.
Жалпы, ереже бойынша төлқұжат суретіне баскиіммен және көзілдірікпен түсуге болмайды. Тек соңғы кезде діни сенімге байланысты орамалда т.с.с. баскиімде түсуге рұқсат етілді. Қазіргі кезде суретті фотошоппен өңдеудің белең алуына байланысты паспорт суретін фотошоппен өңдеуге тыйым салынды. Себебі өңдеу кезінде адамның ерекше белгілері (мең, қал, тыртық т.б.) өшіп қалса, төлқұжат жарамсыз болып шыға келеді.
Төлқұжатта күлімсіреуге бола ма?
Последние статьи автора