Төкпе күй мен шертпе күйдің айырмашылығы неде?

Күйшілік өнер құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан өзара бірнеше дәстүрлерге бөлінетіні белгілі. Күйдің жіктелу ерекшеліктерін жазсаңыздар...
Асқар Беков,
Орал қаласы
Домбыра аспабында орын­да­латын күйлер негізгі екі топқа, төк­пе күйлер мен шертпе  күй­лер­ге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақ­станда, ал шертпе күйлер Арқа, Же­ті­су мен Қаратау өңір­лерін­де көп орын­далады. Төкпе мә­нерінің көрнекті өкілдері – Құрман­ғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір және тағы бас­қалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орын­далады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бө­лініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әр­түрлі орын­­дау­шылық мектептер құ­райды. Мұн­дағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Құр­манғазы мен Дәулеткерейдің орын­даушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқ­са­майды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыс­тау өңірі­нің күйлері де өзіндік орын­дау­шылық дәстүрімен айрықша құрылым­дық, орын­даушылық мәнерлерді бай­­­­­қа­­тады. Шерт­пе күйлер ән негіздес өте сазды, кұрылысы шағындау болып ке­леді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, кө­бінесе бір­дауыстылығы басым болады. Бұл күй­лердің ежелден қалыптасқан қа­ғыс қағу, саусақ басу тәртібі бар. Шертпе күй мәнерінің көрнекті өкілдері – Байжігіт, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Әбди, Төлеген және т.б. Шертпе күй­лер­дің өзі мазмұндық, орындаушылық ерек­­шеліктеріне орай, бірнеше мек­тептерден тұрады. Олар Арқа, Қаратау, Же­тісу, Алтай мектебі деп аталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста