Тоғызқұмалақтан Олимпиада ойындары өте ме?

Төл спортымыздың бірі тоғызқұмалақ ойынына құмармын. Өте керемет ойын. Дегенмен мені мазалайтын – бір сұрақ. Төл ойынымыз неге Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейді?
Шынар Жұмасатова,
Маңғыстау облысы, Үштаған ауылы
Сіздің бұл сұрағыңызға ҚР тоғызқұмалақ фе­дерация­сының президенті Әлихан Бәйменов кезінде «Алаш айнасы» газетіне берген сұхбатын­да былай деп жауап берген бо­латын.
– Мұнда жағдай басқаша. Байқасаңыз, шахмат та Олим­пиада ойындары бағдарламасына кір­мейді. Себебі зият­керлік ойындар өз алдына бө­лек. 1896 жылдан бас­тала­тын қазіргі заманның Олимпиадасы, негізі, тән шы­нық­тыру­ға бағыт­тал­ған, зияткерлік емес спорттың басқа түр­леріне ар­налған, – деп түсіндірген Әлихан Мұхамедия­ұлы.
Дегенмен, айта кетейік, Олимпиада ойындары секілді төрт жылда бір ұйымдастырылып тұратын зияткерлік дүние­жүзілік ойындар өтіп тұрады. Яғни дойбы, шахмат сынды ақыл-ойды дамытуға бағытталған спорт түрлерінің басын қосатын өзіндік Олимпиада додасы бар. Тоғыз­құ­ма­лақ осы ойындардың бағдарламасына 2006 жылдан бері кіреді. Мемлекеттік жаттықтырушы Мақсұт Шотаев­тың айтуынша, тоғызқұмалақ тұңғыш рет 2006 жылғы Лон­дон зияткерлік Олимпиадасының бағдарламасына кір­ген екен. Одан кейін 2009 жылы Чехияда өткен зият­кер­лік Олимпиада ойында­ры­ның бағдарламасына да қо­сылды. Бұдан өзге жыл сайын әлемнің әр түкпірінде то­ғызқұмалақтан халықаралық тур­нирлер ұйымдастырылып тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста