Техниканың жетістігіне қарсы шыққандар кімдер?
Заманауи техниканың тілін білмейтін адамға «луддит адам» деп айдар тағып, келемеждейтінін естіп едім. Бұл сөздің мағынасы қандай?
Нұрым ЕСДӘУЛЕТ, Талғар
Негізінде, техникаға икемі жоқ адамды «луддит» деп атау бұл сөздің негізгі мағынасына келіңкіремейді. 1800 жылдары техниканың дамуына байланысты жұмыссыз қалған бір топ ағылшын жұмыскерлері техника жетістігіне жаппай қарсылық білдіре бастады. Луддиттер өздерінің жетекшісі ретінде Неда Лудит есімді адамды танитын. 1811 жылы бұл қозғалыс Англияда өте кең өріс алып, бірқатар зауыттардың қирауына себеп болды. Техниканың дамуынан қорыққан жұмысшылар тобы индустриалды қалаларды қоршап, зауыттарды қиратумен айналысты. Себебі олар «техника дамыған жағдайда біз жұмыссыз қаламыз» деп қорықты. Кейіннен осы қылмысқа қатысы бар 17 адам өлім жазасына кесілгеннен кейін бұл бүлік тоқтады. Осы топтың құрамында болған адамдарды «лудиттер» деп атайды. Қазір бұл сөзді техникаға икемі жоқ адамдарға әзіл ретінде пайдаланады.