Тегіс әрі нәзік тері әрқашан тартымды көрінеді. Алайда қазір косметиканың түрі көп болса да, терінің нәзіктігін сақтау қиынға түсуде. Әсіресе, қала тұрғындарының тері иммунитеті әлсіз болып келеді. Себебі қалалық атмосфера ластанған, ал су болса, қатты әрі хлорланғандықтан, зат алмасу өзгеріп, ферменттер әлсіз жұмыс жасайды. Ендеше, теріні агрессиялық әсерлерден қалай құтқаруға және оны қалай тегістеуге болады?
Ең алдымен зиянды әрекеттерден бас тарту керек. Спирт пен никотин ешкімге әдемілік сыйлаған емес. Олардың әсерінен тері құрғап, қалыпты түсін жоғалтады және әжімдер пайда болады. Артық тамақтану (әсіресе, кешкілік), теледидар мен интернетке деген тәуелділік, бақылаусыз дәрі іше беру, ұйқының қанбауы сияқты әдеттерден жылдам арылуға болатындықтан ба адамдар оған мән бере бермейді. Алайда тері сөйлей алмайды, ол ондай әдеттерден қиналатынын айта алмағандықтан, сола бастайды. Мысалы, ұйқының қанбауы жалпы дене терісі тонусының төмендеуіне әкеледі. Суды жеткілікті мөлшерде ішіп үйреніңіз. Кофе, шай, тәтті сусындар ішкеннен теріге ылғал жетпейді.
Ұсақ әжімдерден қан айналым мен зат алмасуды жақсартатын бетке арналған гимнастика арқылы құтылуға болады. Қазір жаттығулар жиынтығын табу қиын емес, бұл жерде бастысы оны уақытылы жасау. Сол секілді бетке массаж да жақсы әсер береді. Бетіңізді жуып, тоникпен тазалаған соң, массаждық сызықтар бойынша жай уқалаңыз.
Косметикалық құралдар – бұл мәселені шешуде кең таралған әдістің бірі. Оның басты себебі ол уақыт алмайды, яғни, ыдысты ашып, бетіңізге жағасыз, одан әрі өз жұмыстарыңызбен айналыса бересіз. Алайда тегістейтін кремдер мен маскалар күтілген нәтижені бермей жатады. Әрине, теріге тегістігі мен әдемілігін қайтаратын косметикалық құралдар бар. Олар қымбат тұрады және оларды айыра білу керек. Ол үшін косметологтан кеңес алу керек.
Тегістеуге арналған үй маскалары
Үй маскалары мен кремдер жылдам әрі айқын нәтиже бермегенмен, олар зат алмасуды қалпына келтіруге көмектеседі. Белсенді болмаса да, коллаген мен эластинді де қалпына келтіреді деген сөз. Үй косметикасын уақытылы әрі ұзақ қолдансаңыз, ұсақ тыртықты тегістеуге, безеуден қалған дақты кетіруге көмектесіп, тері тегіс әрі жібектей бола түседі.
Теріні тегістеуде «экспресс-көмекші» ретінде бетке арналған крахмал маскасы танылған. Егер оны курспен жасаса, тері тартылып, тегістеле бастайды.
Маска жасау үшін 1 бананға 1 шай қасық крахмал жарайды. Масканы бетке және мойынға жағу керек. Масканы 30 минут ұстап, жылы сумен шайған соң крем жағыңыз.
Келесі маскаға 1 ас қасықтан езілген банан мен кілегей майы керек. Қоспаны аздап қыздырып, бетке жағу керек. Масканы 15 мину ұстаған соң, жылы сумен шайыңыз.
Кілегей майымен жасалатын келесі құрал крем-маска деп аталады. Оны тоңазытқышта сақтауға болады. Бұл крем-масканы 25-30 минуттан аптасына 2-3 реттен қолдануға болады. Сапалы майды (50-70 г) шикі жұмыртқаның сарысымен (2 шт), зәйтүн майымен (3 шай қасық), глицеринмен (0,5 шай қасық) және қаныққан түймедақ қайнатпасымен (0,5 стақан) араластыру керек. Соңында 30 г спирт қосыңыз.